Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ГРАНТТАР БЕРУ

Гранттың мөлшері қандай?

3 айлық жобаны жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін

1 000 000 теңге жетпесе не істеуім керек?

Жоба аясында 1 000 000 теңгеден аспайтын қаражат беріледі, бірақ жобаны жүзеге асырғаннан кейін қосымша ресурстарды іздеуіңізге болады.

1 000 000 теңге қатысушыға аударылады ма?

Ұйымдастырушылар гранттық қаржыландыруды бекітілген жобалық сметаға сәйкес грант алушылар ұсынған шот-фактуралар бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

Мен жаңа ғана аралық, қорытынды есебімді тапсырдым, ол қанша уақытта қаралады?

Мамандардың есептерді тексеруі кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады және орта есеппен 3-5 күнді алады.

Мен грант алған жағдайда 3 айға қаржылық пайда әкелетін жобаны жүзеге асыра аламын ба?

Жоқ. Жобаны іске асыратын 3 айдың ішінде сіз жобадан пайда таба алмайсыз, оның ішінде ақылы қызметтерді көрсете алмайсыз немесе өнімді сата алмайсыз. Сіз гранттық келісім аяқталғаннан кейін, жобаны жүзеге асырғаннан кейін 3 ай өткеннен соң ғана жобадан пайда таба аласыз.

Грант алған жастар алған қаражаттарын қайтаруы керек пе?

Жоқ, грант – бұл қайтарымсыз қаражат.

Алайда, егер қатысушылар қаражатты мақсатсыз пайдалану, алаяқтық, құжаттарды бұрмалау бойынша келісім талаптарын бұзса, ұйымдастырушылар грант қаражатын қайтару шараларына жүгінеді.

Грант қалай төленеді?

Ұйымдастырушылар гранттық қаржыландыруды бекітілген жобалық сметаға сәйкес грант алушылар ұсынған шот-фактуралар бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

Гранттың несиеден айырмашылығы неде?

Грант өтеусіз және қайтарымсыз ақша болып табылады. Грантты пайдалану үшін пайыз төлеудің қажеті жоқ.

Неге гранттарды тегін бересіз? Сіздің мақсатыңыз қандай?

Біздің мақсатымыз – қанша қаласа да миллион теңге таба алмайтын және қалаға, ауылға, ауданға пайдалы іс жасауға мүмкіндігі жоқ жастарға өздерінің әлеуметтік идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру, оларды қоғам игілігіне бағытталған іс-шараларға тарту.

Сондықтан біз гранттарды – яғни, тегін қаражатты береміз. Бұл гранттар әлеуметтік жағынан осал азаматтарға Үкіметтің қолдауы болып табылады.

Бір облысқа бөлінген гранттардың белгілі бір саны бар ма?

63.

  • 1
  • 2