Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ЖАСТАР ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Әлеуметтік жобаны 1 (немесе 2, 3, 4) айда іске асыруға бола ма?

Жоқ, барлық жобалар 3 айға есептелуі керек.

Шағын гранттарды орындау кезінде менің міндеттемелерім қандай?

Сіздің бір ғана жобаны іске асыруға құқығыңыз бар.

Сіз жүзеге асыратын жобаның ұзақтығы 3 ай болуы керек.

Грант қаражаты жобаны іске асыру үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.

Қатысушылар осы жобаны іске асыру үшін басқа көздерден қосымша қаржыландыру тарта алмайды.

Жоба қатысушысы фотоматериалдар мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды қоса бере отырып, не істелгені туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен аралық және қорытынды шығармашылық есепті ұсынуы тиіс.

Өмірлік маңызы бар дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту бойынша міндетті оқыту тренингтерінен өту қажет.

Бекітілген ментормен үнемі, айына кемінде 1 рет кездесу қажет.

Көшуге байланысты болған жағдайда жобадан кете аламын ба?

Бұндай жағдайды болдырмауға  тырысыңыз, өйткені сіз тиісті білім мен дағдылар жиынтығын толығымен игере алмайсыз. Болған жағдайда ұйымдастырушыларға жоба мен міндеттемелерді бұзу үшін дереу хабарлау қажет, шартты ҚР заңнамасына сәйкес бұзу тетігі сипатталатын болады.

Жобадан кеткен қатысушыны ауыстыруға бола ма?

Шағын гранттар байқауының жеңімпаздары конкурстық негізде таңдалады, сондықтан оларды ауыстыру мүмкін емес.

Қандай жобаларға қолдау көрсетіледі?

Әлеуметтік бастамаларды таңдау шектелмеген. Сіз кез-келген әлеуметтік маңызды жобаларды ұсына аласыз. Сондай-ақ, сіз келесі бағыттарға назар аудара аласыз:

1) білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу болып табылады;

6) халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету;

8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;

13) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде оларға жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

16) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету.

Қандай жобаларға тыйым салынады?

1) жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық қызметке;

2) ұсақ жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай да бір түрлерін немесе ғимараттарды/үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды, жылыжай кешендерін реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды көздейтін жобаларға;

3) жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобаларға;

4)діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобаларға (шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу, діни білім беру, діни әдебиетті басып шығару және т. б.);

5) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобаларға;

6) жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды көздейтін жобаларға;

7) басқа көздер есебінен тікелей ақшалай қаржыландыру алатын жобаларға;

8) ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін / бағдарламаларын әзірлеуге;

9) баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуды/басып шығаруды көздейтін жобаларға;

10) мақсатты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаны үшін ақшалай сыйақы беру және т. б. болып табылатын жобаларға;

11) грант қаражаты есебінен тікелей ақшалай қайырымдылық көмекті көздейтін жобаларға;

12) жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойынша кемсітушілікке әкеп соқтыруы мүмкін қызметтерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

Грант қаражатын не үшін жұмсауға болады?

Сіз өзіңіздің жобаңыздың іс-шаралары мен міндеттеріне негізделген сметаны жасауыңыз керек.

Әлеуметтік жобаны қалай жазу туралы қайдан кеңес ала аламын?

Сіз біздің жобалық кеңсемізден кеңес ала аласыз. Жобалық кеңсенің байланыстары 8-705-214-63-67. Сондай-ақ, www.zhasproject-almobl.kz. сайттағы қысқаша нұсқауларды оқи аласыз.

Конкурсқа қатыса алатын жобалардың қандай да бір мысалдары бар ма?

Біздің сайтымызда қатысушылар 2017-2020 жылдары іске асырған жобалармен таныса аласыз.

Жобаларды іске асыру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін кімге жүгіне аламын?

Сіз 8/705-214-63-67 call-орталыққа хабарласа аласыз, онда сізге барлық қажетті ақпарат беріледі. Сондай-ақ, біздің www.zhasproject-almobl.kz. сайтта сіз ұсыныс беру немесе шағым беру туралы ақпаратты таба аласыз.

Жобаны іске асыру барысында есептілікті ұсыну бойынша кеңес алу үшін Сіз жобалық кеңсеге жүгіне аласыз.

  • 1
  • 2