Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ЖОБАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Жобаның қатысушысы кімдер бола алады?

18 жастан 28 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылар Алматы немесе Жетісу облыстарының аумағында тұрақты тұруы (тұрақты немесе уақытша тіркелуі кемінде 3 ай) болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін кімнің артықшылығы бар?

Жобаға  жасы мен тұратын аймағы бойынша талаптарға сәйкес барлық қатысушылар қатысуға болады. Біз барлық ниет білдірушілердің өтінімдерін қабылдаймыз. Сонымен қатар, жобаның басымдығы - осал жастар.

Егер мен жұмыс жасамасам және оқымасам, бірақ жұмыспен қамту орталығында тіркелмесем, өз өтінішімді бере аламын ба?

Иә, қатыса аласыз. Сонымен қатар, мүмкіндігіңізді арттыру үшін тіркелуді және ресми анықтама алуды ұсынамыз.

Егер мен қазір жұмыс жасамасам, бірақ 3 айдан кейін жұмыс тапсам, мені жобадан шығарады ма?

Жоқ, сіз жобаға қатысуды жалғастыра бересіз. Жоба сізге оң әсер еткенін және белгілі бір дәрежеде жұмыс табуға көмектескенін білуге қуаныштымыз.

Мемлекеттік қызметші қатысушы бола ала ма және қатысуға өтінім бере ала ма?

Жобада лауазымдық және еңбек мәртебесі бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер жобаға қатысу мүмкіндігі туралы өз жұмыс орны бойынша заңгермен кеңесуі тиіс.

Мүгедектік туралы анықтаманың болуы артықшылық бола ма?

Иә, бұл анықтаманың болуы артықшылық болады.

Егер мен 18 жасқа толмаған болсам, бірақ жақын арада толсам, өтініш бере аламын ба?

Өтініш беру кезінде сіз 18 жаста болуыңыз керек.

Егер мен жақын арада 29 жасқа толсам, өтініш бере аламын ба?

Егер сіз өтініш берген кезде 28 жаста болсаңыз, мүмкін.

Егер мен жастар санатына жатпасам, жобаға қатыса аламын ба?

Сіз бізге жоба туралы таныстарыңызды хабардар етуге көмектесе аласыз. Сондай-ақ, сіз тәлімгерлік бағдарламасын біздің қатысушылармен 3 ай бойы өткізетін ментор ретінде қатыса аласыз. Менторлар байқауы кейінірек өткізіледі.

Егер мен, мысалы, Алматы қаласында (2022 жылы жобаға қатыспайтын басқа өңірлерде) тіркелсем, мен жобаға қатыса аламын ба?

Биыл жоқ. Бұл ақпаратты сауалнама түрінде растау үшін сізге еговтың жеке кабинетінен тіркеу туралы экранды тіркеу қажет (соңғы 3 айда тіркеу).