Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Конкурстық іріктеу

Жобаларды конкурстық іріктеу екі негізгі кезеңнен тұрады:

1) техникалық іріктеу;

2) конкурстық комиссияның іріктеуі.

Өтінімдерді техникалық іріктеуді ұсынылғанқұжаттардың толықтығын және олардың конкурстың шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатындажүргізеді. Техникалық іріктеу нәтижелері жобаның сайтында жарияланатын хаттамамен ресімделетін болады. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі.

Конкурстық комиссия сыртқы сарапшылардан тұратын және бағалау өлшемшарттарына сәйкес жобаларды іріктейтін болады.

Комиссия мүшелері жобаларды келесі өлшемшарттар бойынша бағалайды:

жобаның әлеуметтік маңызы
жоба нәтижелерінің қол жетімділігі
жобаның тұрақтылығы
жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы
бюджеттің орындылығы мен негізділігі

Комиссия мүшелерінің жобаларды бағалауқорытындысы бойынша жобалардың жиынтықрейтингін жасайды.

Жобалар рейтингі жобаның жалпы балыныңжәне жастардың осал тобына жататын өтінімберушілерге берілетін 15 балл мөлшерінде қосымшабаллдың негізінде қалыптастырылатын болады.

Жалпы және қосымша баллдардың ең көпсомасын жинаған 63 өтінім беруші конкурс жеңімпаздары болып танылады.

Бірдей балл сомасы бар бірнеше жобаның болуысебебінен конкурс жеңімпаздарын анықтау мүмкінболмаған жағдайда, комиссия отырысында жобалардыіріктеудің тәуелсіз әдісірандомизация (жобалардыкомпьютерлік іріктеу) қолданылатын болады. Рандомизация балдары бірдей жобалар үшін ғанақолданылатын болады.