Алматы және Жетісу облыстарында тұратын белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, бизнес-кеңесшілер және кәсіпкерлер ментор бола алады.
Менторлар конкурстық негізде келесі шарттарды көрсететін өтініш толтырылған жағдайда таңдалады:
- жұмыс өтілі (әлеуметтік салада кемінде 3 жыл) немесе жастармен жұмыс (негізінен жастардың осал топтарымен);
- жобаларды/іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәжірибесі;
- білімнің болуы (орта арнаулы, жоғары);
- Мобилділік/ұтқырлық (аймақ ішінде саяхаттау мүмкіндігінің болуы).
Жастар үшін тренингтер мен менторлық жүргізу тәжірибесі (растайтын құжаттар болған жағдайда), сондай-ақ жастар корпусын дамыту жобасына тәлімгер ретінде қатысу тәжірибесі (2017-2020 ж.) болса, қосымша артықшылық болып есептеледі.