Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Жобалардың бағыты

Жас қатысушылар ұсынған жобалар жастардың осалтоптарын қолдауға немесе жергілікті халықтыңәлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы керек.

Жоба қатысушының тұру аумағында үш ай ішінде іске асырылуы тиіс.

Жоба көрсетілген бағыттардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалардың бастамаларынқолдау;
5) отбасы-демографиялық және гендерлік мәселелердішешуге жәрдемдесу;
6) халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
7) жетім балаларға, толық емес және көп балалыотбасылардан шыққан балаларға көмек;
8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етугежәрдемдесу;
9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңдымүдделерін қорғау;
10) мәдениет пен өнерді дамыту;
11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
12) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктінығайту;
13) пробация қызметтеріне оларда есепте тұрғанадамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетугежәрдемдесу;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасынақоғамдық мониторинг жүргізу;
15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішіндеүкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігінарттыруға жәрдемдесу;
16) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету.

Конкурс аясында Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақкелесі бағыттағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:

1) жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтеркөрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялыққызмет;
2) ұсақ жөндеуді қоспағанда, құрылысжұмыстарының қандай да бір түрлерін немесеғимараттарды/үй-жайларды, оның ішіндестадиондарды, жылыжай кешендерінреконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегіжұмыстарды көздейтін жобалар;
3) жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емесұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобалар;
4) діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар(шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу, дінибілім беру, діни әдебиетті басып шығару және т. б.);
5) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
6) жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғынүй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алудыкөздейтін жобалар;
7) басқа көздер есебінен тікелей ақшалайқаржыландыру алатын жобалар;
8) ылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеуәдістемелерін/бағдарламаларын әзірлеу;
9) баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттержазуды/басып шығаруды көздейтін жобалар;
10) мақсаты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай да бірбағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаныүшін ақшалай сыйақы беру және т. б. болыптабылатын жобалар;
11) грант қаражаты есебінен тікелей ақшалайқайырымдылық көмекті көздейтін жобалар;
12) жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойыншакемсітушілікке әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзегеасыру.